Жапалақ тектестердің ең ірісі және өте әдемісі-үкі. Республикамыздың кез келген жерінде кездескенімен, саны онша көп емес. Үкі-қазақтар үшін қасиетті құс. Оның тұла бойындағы өрнектер құранның құпияланып жазылған нұсқасы деген сеніммен баланың, әсіресе қыздардың бас киіміне қауырсынын тағу дәстүрге айналған. Үкінің қауырсыны адамға бақыт, табыс әкеледі деп есептелінеді. Сондықтан да ақын, әншілердің бас киімі мен домбырасын үкімен безендіргенін жиі көреміз.
Үкіні орманнан да, таудан да, даладан да кездестіруге болады.Үкі басын 270 градусқа бұра алады. Олардың көздері қозғалмайды, сондықтан табиғат бұл құстарға осындай мойын сыйлаған.Ол хайуанаттар бағында – 20-25 жыл, ал табиғи жағдайда 10 жыл ғана өмір сүреді.Ол көбінесе ұясын көзге түсе бермейтін жыра, жартастарға салады. Ұясында 2-5 жұмыртқасын өзі басады. Үкілер қоянды, кеміруші тышқандарды аулайды. Үкі-жемін түнде, қараңғыда, кейде күндіз де аулап, кемірушілерді жою арқылы ауыл шаруашылығына пайда келтіретін жыртқыш құстардың бірі.