Алгоритмдерді құрудың негізгі тәсілдері.
Алгоритмді жазудыңмынадай төрт тәсілі бар:
Сөзбен жазылу тәсілі. Алгоритмді үйренудің алғашқы кезінде қолданылады да және ол адамның орындауына арналған. Бұл тәсілде жазудың нақты бір ережесі жоқ, түсінікті, анық болса болды.
Алгоритмдік тіл –алгоритмдер мен олардың атқарылуын бірыңғай жәнедәл жазуға арналған белгілермен ережелердің жүйесі. Алг. Тіл бір жағынан әдеттегі тілге жақын. Бұл тілде алгоритмдер әдеттегі текст секілдіоқыла да, жазыла да алады . Екінші жағынан агоритмдік тіл өзіне математикалық символиканы, сандарды, шамалар мен функциялардың белгілерін, операция таңбаларын , жақшаларды т.б.қамтиды.
Алгоритмдіктілдің басқа әрбір тіл секілді өзінің сөздігі бар. Кез-келген алгоритмдегі атарушыныңкомандалар жүйесіне енетін командаларды жазуға қолданылатын сөздер осы сөздіктің негізін құрайды. Мұндай командалар жай командалар деп аталады.
Алгоритмдік тілде мағынасы мен қолдану тәсілі біржола берілген санаулы сөздер ғана пайдаланылады. Бұл сөздер қызметші сөздер деп аталады.
Қызметші сөздер— алдын-ала мағынасы анықталған, тілдің құрамының бір бөлігі болып табылатын сөздер.
Алгоритмдік тілде жазылған алгоритмнің аты болуы керек. Алгоритмнің аты берілген алгоритмнің қандай есептің шшуін сипаттайтыны айқын болатындай етіп таңдалады. Алгоритмнің атын көрсету үшін оның алдына алг деген қызметші сөз жазылады.
Әр алгоритмнің жазылуы оның тақырыбынан басталады. Алгоритм тақырыбының жалпы түрі мынадай:
Бірнеше аргумент,бірнеше нәтиже болса, онда олар үтір арқылы ажыратылып жазылады.
Алгоритмнің басы менсоңын көрсету үшін оның командаларыбасы мен соңыдеген қызметші сөздерінің араларына жазылады. Командалар тізбектеліп жазылады. Бір команданы жазу кезінде, егер қажет болса,оны екінші жолғажалғастырып жазуға болады. Егербірнеше команда бір жолға жазылса, онда оларбір-бірінен нүктелі үтір арқылы ажыратылады.
Бағдарламалау тілі дегеніміз адамның ЭЕМ-мен байланысының жасанды тілі, ол мәліметтер мен оларды өңдеу алгоритмдерін компьютерде сипаттауға арналады.
Егер бағдарламалау тілі нақтылы процессор типіне арналған және оның ерекшеліктерін ескеретін болса, онда ол төмен деңгейлі бағдарламалау тіліне жатады.
Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілі компьютерге қарағанда, адамға анағұрлым жақын әрі түсінікті болып келеді.
Жасанды тілді компьютер өзінің машиналық тіліне адамның қатысуынсыз автоматты түрде аударатындай етіп жасайды. Аударуды программа орындайды.
Ондай программаны ағылшын тілінде «транслятор» (аудару) деп атайды, ал аудару процесін «трансляция» дейді.
Компиляция әдісі – алдымен жасанды программа тҥгелдей машиналық тілге аударылады, сонан кейін бҧл программа басынан орындалады.
Интерпретация әдісі – жасанды тілдегі программаның әрбір әрекеті (нұсқау немесе амалы) жеке алдын-ала аударылмастан бірден машиналық тілде орындала бастайды. Яғни, компиляция әдісінде жасанды тілдегі программа тек қана бір рет қарастырылады және аударылған программаны бірнеше рет орындауға болады, ал интерпретация әдісінде әр орындар алдында жасанды тілдегі программаны қайтадан қарастыру қажет.
Квадрат теңдеуді шешу алгоритмі мен блок-схемасы және бағдарламасын жазу
а,в,с-кез келген сан (а=о)
алг (арг нақ а,в,с, нәт нақ х1,х2, у)