Географиялық ақпараттық жүйе туралы жалпы ақпарат
Географиялық ақпараттық жүйе немесе геоақпараттық жүйе (ГАЖ) – бұл
кеңістіктік және олармен байланысты кеңістіктік емес мәліметтерді
жинау, сақтау, өңдеу, талдау мен кескіндеуді және олардың негізіндегі
географиялық кеңістік жайлы ақпарат пен білімді қамтитын ақпараттық
Географиялық немесе кеңістіктік мәліметтер обьектілердің
кеңістікте таралуын есепке алуды қажет ететін түрлі саламен айналысатын
ұйымдар пайдаланатын барлық ақпарат көлемінің жартысынан астамын
құрайды. ГАЖ кеңістіктік мәліметтердің талдауының негізіндегі оңтайлы
басқару шешімінің қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.
ГАЖ жүйесі экологиялық жағдайлардың, табиғи ресурстарды
орынды пайдалану мониторингінің ғылыми және қолданбалы мәселелерін
шешу мақсатында және де инфрақұрылымдық жобалау үшін, қалалық
және аймақтық жоспарлау, төтенше жағдайлардағы жедел шара қабылдау
үшін пайдаланылады. Өмірде кездесетін алуан түрлі мәселелер келесі
белгілер бойынша жіктелетін ГАЖ-лерді құруға алып келді.
Функционалды мүмкіндіктері бойынша ГАЖ:
- Жалпы мақсаттағы толықфункционалды ГАЖ;
- Маманданған ГАЖ қандайда бір заттық облыстағы нақты мәселелерді
- Үйде және ақпаратты-анықтамалық қолдануға арналған ақпараттық
Сонымен қатар ГАЖ-дің функционалдық мүмкіндіктері оны
тұрғызудағы сәулеттік ұстанымдармен анықталады:
- жабық жүйелер – кеңею (расширение) мүмкіндігі болмайды, ол тек
қана сатып алу сәтіне бірмәнді анықталған функциялар жиынтығын
- ашық жүйелер – арнайы құрылғының көмегі арқылы қолданушының
өзімен тұрғызыла алатындықтан пайдалану жеңілдігімен кеңею.
Кеңістіктік деректерді ГАЖ-да ұсыну үшін векторлық және
растрлық деректердің құрылымдары қолданылады. Векторлық құрылым –
объекттердің геометриясын суреттейтін, кеңістіктік объекттердің
координатты парлар (векторлардың) түріндегі ұсынысы.
Растрлық деректердің құрылымдары деректерді екі кабат тор
күйінде ұчынады, әр ұяшық тек бір мәнді білдіреді, объектті сипаттайтын,
аудандағы немесе суреттегі растрдың ұяшығына сәйкес. Мұндай
сипаттама ретінде объект коды (орман, және т.б.), биіктік немесе
оптикалық тығыздық алынады.
Растрлық деректердің дәлдігі ұяшықтардың өлшемімен шектеледі.
Мұндай құрылымдар анализ бен әр түрлі ақпараттың визуализацияның
ыңғайлы тәсілі болып табылады. Растрлық және векторлық құрылымдарды
iске асыру үшiн деректердің әр түрлі модельдері жасалған. Кеңістіктік
деректердің модельдері - кеңiстiктiк объекттерiн формализацияланған
сандық сипаттауға арналған логикалық ережелер. Векторлық деректердің
құрылымдарын векторлық деректердің модельдеріне қосудың бірнеше
тәсілі бар, бір қабаттағы объекттер мен басқа әр түрлі қабаттағы
объекттердің арасындағы өзара байланысты зерттеуге мүмкіндік береді.
Деректердің векторлық модельдерінің ең қарапайымы – “спагетти” моделі
болып табылады. Мұндай жағдайда картаның графикалық суреті дәлме
Бұл модельде объектілер арасындағы байланыстар
сипатталмайды, әрбір геометриялық объект жеке сақталады және
басқаларымен байланысты емес, мысалы координаттардың бірдей
жиынтығы арқылы жасалған 25 және 26 жалпы объектілердің шекарасы
екі рет жазылады. Объектілір арасындағы барлық байланыстар тәуелсіз
есептелуі керек, бұл анализ мәліметтерін қиындатады және сақталатын
ақпараттың көлемін ұлғайтады. Векторлық топологиялық модельдерде
объектілердің көршілестігі және жақындығы туралы мәліметтер және
басқа, өзара орналасқан векторлық объектілердің сипаттамалары баp[2].